Мектептің тарихы

Автор: admin от 16-05-2017, 13:27, посмотрело: 2 680

105 " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағынорталығмен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы.

Өмірбаспалдақтарынан өрлеп,егемен еліміздің білімді азаматтарын түлеткен ұя-80 жылдық тарихы бар біздің А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп 1930 жылы Кіші Жалаңаш ауылында бастауыш мектеп болып құрылған. 1937-1962 оқу жылдарында 7 жылдық мектеп болып,1962-1974 жылға дейін Кіші Жалаңаш 8 жылдық мектебі болып,жұмыс істеді.
1974 жылы жобалы мектеп үйінің салынуына байланысты Алматы облысы Кеген ауданы атқару комитетінің шешімі негізінде Көлбастау орта мектебі деп аталып, жаңа мектеп үйінде оқуын бастады.
Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 22 желтоқсан 1983 жылғы №184 шешімімен мектептің атауы өзгертіліп, осы ауылда туып-өскен, қазірде бүкіл елімізге танымал қоғам қайраткері Қазақстан Республикасы Ғылым акдемиясының академигі А.Нүсіпбеков есімі берілді.

Изменил: admin по причине: ок

Категория: Біз туралы

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 16-05-2017, 12:58, посмотрело: 1 623

74 Мектеп мекен жайы

1. " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2. Мекен жайы: А. Нүсіпбеков ауылы Әуезов көшесі №30 үй

3. Мектептің типі: Типтік

4. Салынған жылы 01.09.1974 ж

5. Сыйымдылығы: 640

6. Көлемі: 3151 кв 2 м

7. Ғимарат түрі: қызыл кірпіш

8.Күрделі жөндеуден өткен жылы: 2010 ж

9. Электронды почтасы : nusipbekov@mail.ru

10. Телефон номеры: 8 (72777) 2-45-51

Изменил: admin по причине: ок

Категория: Біз туралы

 

Мектептің жеке ғылыми, тәрбиелік дәстүрлері

Автор: admin от 16-05-2017, 12:40, посмотрело: 1 851

81 " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"мемлекеттік мекемесінде мектептің жеке ғылыми,тәрбиелік дәстүрлері туралы мәлімет

ОҚу жылына арналған жылдық кешенді тәрбие жоспарынан тыс мектептің жеке ғылыми, тәрбиелік дәстүрлері қалыптасқан.
Кітапханашы Г.Мүшір жетекшілік жасайтын оқушылардың " Жас қанат" атты шығармашылық клубы жұмыс істейді. Ол клубтың міндеті оқушылар шығармашылығын дамыту, оларға бағыт-бағдар беру болып табылады. Оқушылардың жазған мақалалары, өлеңдері сараланып, баспасөз беттеріне жариялануына ықпал етеді. Ауданымыздан немесе ауылымыздан шыққан ақын жазушылармен тығыз байланыс жасап кездесулер өткізіліп тұрады.
29.01.2016 жылы ақын, Есей Жеңісұлымен,22.10.2016 жылы Мұқағалитанушы ақын Шаяхмет Имашевпен кездесу өткізілді. 10-сынып оқушысы Досымбек Аружанның өлеңдер жинағы кітапша болып басылып шығарылып, облыс көлемінде насихатталып, таратылды. Мектеп оқушыларының көптеген еңбектері түрлі баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Халықаралық "Ғұмыр-дария" ән-жыр байқауына қатысқан 8 сынып оқушысы Кеңесбай Дана бас жүлдені, 3 сынып оқушысы Әлім Аяулым 3 орынды иеленді.
Сонымен бірге мектебімізде Ә.Нүрелова жетекшілік жасайтын "Жас ғалым" орталығы жұмыс істейді. Бұл мектепте академик А.Нүсіпбековтың еңбектері сараланып, әр тоқсан сайын білімді оқушылардың жұмыстарынан өребәйге өткізіледі.
Өребәйге қортындысы бойынша үздік оқушыларға арнайы тағайындалған стипендия беріліп отырады.
Мектепте "Спортшы" үйірмесі жолға қойылған. Бұл үйірмеге Каратэ,грек-рим, қазақша күрес,бокс, тоғызқұмалақ спорт түрлері тартылған. Осы аталған спорт түрлерінен мектеп оқушылары облыстық, республикалық деңгейлерден көрінуде.
14.11.2016 жылы Шығыс жекпе-жегінен халықаралық спорт шебері, бірнеше кітаптардың авторы Жұмаш Қасымхановпен, спорт шеберлері Әміржан Малыбеков,Болат Сәрсенбаевтармен кездесу ұйымдастырылып, аталған спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
2015 оқу жылынан бастап ата-аналардың ұйымдастыруымен "Аталар", "Әжелер" мектебі тұрақты жұмыс істеп келеді.

Категория: Біз туралы