» Материалы за Май 2017 года

 
 
 

Оқушы жетістіктері

Автор: admin от 20-05-2017, 05:53, посмотрело: 5 911

176 2017 ж. " Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын" атты Халықаралық шығармалар байқауынан 10 а сынып оқушысы Досымбек Аружан І орын. Республикалық оқушылар арасында өткізілген " Туған өлкем" шығармалар байқауынан ІІ орынды диплом иесі Сыралы Алтынай 11 а сыныбы.
ІІ Республикалық оқушылар арасында өткізілген " Болашақ мамандығым" атты тақырыбындағы шығармалар байқауы ІІ орынды диплом иесі Жақсылық Аида 11 а сыныбы.
ІІ Республикалық оқушылар арасында өткізілген " Қош келдің, Қыс" тақырыбындағы шығармалар байқауы ІІ орынды диплом иесі Ерназар Гулназ 11 а сыныбы, Алғыс хат Бекболат Мақпал 11 а сыныбы.
" Мөлдір бұлақ журналының" Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған " Тәуелсіздік-бақытым" атты Республикалық бәйгеге қатысып Шора Айдана ІІ орынды дипломмен, Досымбек Аружан ІІІ орынды дипломмен марапатталды.
" Мөлдір бұлақ" журналының ұйымдастыруымен " Туған ел-қыдырың, Тәуелсіздік тұғырың" атты Республикалық бәйгеден ерекше шығарма иегері Жөкен Әмина, Досымбек Аружан, Шора Айдана, "Мөлдір бұлақ" журналының жас тілшісі атанды. Жетекшісі Бабажанова Гулнар.
29 қазан күні аудандық ғылыми жоба жарысынаан төмендегі оқушылар І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Аудандық ғылыми жоба жарысында Технология пәнінен Этномәдениет бөлімі бойынша 10 а сынып оқушысы Досымбек Аружан
ІІ орын, жетекшісі Мұқатаева Шынар. Өлкетану секциясы бойынша 9 ә сынып оқушысы Әшімхан Ақерке КҒА І орын, жетекшісі Рысбаева Айткул.
Математика пәнінен 8 а сынып оқушысы Тәуекел Гаухар КҒА ІІІ орын, математика пәнінен 8 а сынып оқушысы Нұржақыш Жарқынай "Дарын" ІІІ орын, Жарылқасын Фариза олимпиададан ІІІ орын, жетекшісі Мәжи Жұмақыз.
Тарих пәні бойынша бойынша 9 сынып оқушысы Жарылқасын Фариза КҒА І орын, жетекшісі Рысбаева Айткул.
Ағылшын тілі пәнінен 10 а сынып оқушысы Шора Айдана ІІ орын,жетекшісі Сембаева Аида.
Ағылшын тілі пәнінен 4 а сынып оқушысы Дәулеткелді Ақниет КҒА І орын, жетекшісі Савкина Александра.
Психология секциясы бойынша 9 ә сынып оқушысы, Тоқтарбек Айгерім КҒА І орын, жетекшісі Телеубекова Айжан. Өлкетану секциясы бойынша 9 ә сынып оқушысы Әшімхан Ақерке облыстық КҒА қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Рысбаева Айткул. Тарих секциясынан 9 а сынып оқушысы Жарылқасын Фариза облыстық КҒА жіберілді.

Изменил: admin по причине: ок

Категория: Біз туралы / Жетістіктеріміз

 

Мұғалім жетістіктері

Автор: admin от 19-05-2017, 08:53, посмотрело: 2 320

75 Бабажанова. Г. Халықаралық шығармалар байқауына дарынды оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат, Республикалық КИО оқушылар байқауының Алғыс хатымен / Астана ,2017ж/ Аудан әкімінің құрмет грамотасы /2017 ж/, Халықаралық шығармалар байқауына дарынды оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат /2017 ж/, "Мөлдір бұлақ" журналының ерекше шығарма иесін дайындағаны үшін Алғыс хат.
Тікембаева .А ." Білім беру саласының үздігі төсбелгісімен" марапатталды. Нүрелова .А .Аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Оқырмандар конференциясында белсенді қатысқаны үшін мектепішілік марапаты, " Жыл пән мұғалімі-2017" аудандық байқауында ІІІ орын.
Жұмаділдаев А Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Рысбаева .А. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен /2016 ж/, марапатталды.
Жұмабекова .А. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен /2017 ж/, марапатталды.
Садыр .С. Жыл пән мұғалімі ІІ орын /2017 ж/.
Телеубекова .А. /Облыстық әдістемелік кітапқа мақала. Тақырыбы:1 " Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату"
Рахымбаева .Ж. Аудан әкімінің құрмет мадақтамасы "Үздік слайд-2016" презентациялар қортындысы бойынша алғыс хатпен /Республикалық/ марапатталды.
Шығанбаева .С ."Қамқор -2" кәсіподақ ұйымының мадақтамасы.
"Жыл пән мұғалімі 2017" аудандық байқауында І орын Мухатаева Ш
Бектенова .Б. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы /2017/,
Қазылақынова. Б. Аудан әкімінің құрмет грамотасы /2017 ж/
" Жыл пән мұғалімі -2017" аудандық байқауында ІІІ орын Савкина А.
"Жыл пән мұғалімі-2017" аудандық байқауында Алдияров. А.
"Жыл пән мұғалімі -2017" аудандық байқауында ІІ Нұрқалиева .
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Серікбаева .А, Адасбаева. Г. марапатталды.

Категория: Біз туралы / Жетістіктеріміз

 

Мектептің тарихы

Автор: admin от 16-05-2017, 13:27, посмотрело: 2 657

105 " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағынорталығмен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы.

Өмірбаспалдақтарынан өрлеп,егемен еліміздің білімді азаматтарын түлеткен ұя-80 жылдық тарихы бар біздің А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп 1930 жылы Кіші Жалаңаш ауылында бастауыш мектеп болып құрылған. 1937-1962 оқу жылдарында 7 жылдық мектеп болып,1962-1974 жылға дейін Кіші Жалаңаш 8 жылдық мектебі болып,жұмыс істеді.
1974 жылы жобалы мектеп үйінің салынуына байланысты Алматы облысы Кеген ауданы атқару комитетінің шешімі негізінде Көлбастау орта мектебі деп аталып, жаңа мектеп үйінде оқуын бастады.
Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 22 желтоқсан 1983 жылғы №184 шешімімен мектептің атауы өзгертіліп, осы ауылда туып-өскен, қазірде бүкіл елімізге танымал қоғам қайраткері Қазақстан Республикасы Ғылым акдемиясының академигі А.Нүсіпбеков есімі берілді.

Изменил: admin по причине: ок

Категория: Біз туралы

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 16-05-2017, 12:58, посмотрело: 1 608

74 Мектеп мекен жайы

1. " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2. Мекен жайы: А. Нүсіпбеков ауылы Әуезов көшесі №30 үй

3. Мектептің типі: Типтік

4. Салынған жылы 01.09.1974 ж

5. Сыйымдылығы: 640

6. Көлемі: 3151 кв 2 м

7. Ғимарат түрі: қызыл кірпіш

8.Күрделі жөндеуден өткен жылы: 2010 ж

9. Электронды почтасы : nusipbekov@mail.ru

10. Телефон номеры: 8 (72777) 2-45-51

Изменил: admin по причине: ок

Категория: Біз туралы

 

Мектептің жеке ғылыми, тәрбиелік дәстүрлері

Автор: admin от 16-05-2017, 12:40, посмотрело: 1 831

81 " А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"мемлекеттік мекемесінде мектептің жеке ғылыми,тәрбиелік дәстүрлері туралы мәлімет

ОҚу жылына арналған жылдық кешенді тәрбие жоспарынан тыс мектептің жеке ғылыми, тәрбиелік дәстүрлері қалыптасқан.
Кітапханашы Г.Мүшір жетекшілік жасайтын оқушылардың " Жас қанат" атты шығармашылық клубы жұмыс істейді. Ол клубтың міндеті оқушылар шығармашылығын дамыту, оларға бағыт-бағдар беру болып табылады. Оқушылардың жазған мақалалары, өлеңдері сараланып, баспасөз беттеріне жариялануына ықпал етеді. Ауданымыздан немесе ауылымыздан шыққан ақын жазушылармен тығыз байланыс жасап кездесулер өткізіліп тұрады.
29.01.2016 жылы ақын, Есей Жеңісұлымен,22.10.2016 жылы Мұқағалитанушы ақын Шаяхмет Имашевпен кездесу өткізілді. 10-сынып оқушысы Досымбек Аружанның өлеңдер жинағы кітапша болып басылып шығарылып, облыс көлемінде насихатталып, таратылды. Мектеп оқушыларының көптеген еңбектері түрлі баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Халықаралық "Ғұмыр-дария" ән-жыр байқауына қатысқан 8 сынып оқушысы Кеңесбай Дана бас жүлдені, 3 сынып оқушысы Әлім Аяулым 3 орынды иеленді.
Сонымен бірге мектебімізде Ә.Нүрелова жетекшілік жасайтын "Жас ғалым" орталығы жұмыс істейді. Бұл мектепте академик А.Нүсіпбековтың еңбектері сараланып, әр тоқсан сайын білімді оқушылардың жұмыстарынан өребәйге өткізіледі.
Өребәйге қортындысы бойынша үздік оқушыларға арнайы тағайындалған стипендия беріліп отырады.
Мектепте "Спортшы" үйірмесі жолға қойылған. Бұл үйірмеге Каратэ,грек-рим, қазақша күрес,бокс, тоғызқұмалақ спорт түрлері тартылған. Осы аталған спорт түрлерінен мектеп оқушылары облыстық, республикалық деңгейлерден көрінуде.
14.11.2016 жылы Шығыс жекпе-жегінен халықаралық спорт шебері, бірнеше кітаптардың авторы Жұмаш Қасымхановпен, спорт шеберлері Әміржан Малыбеков,Болат Сәрсенбаевтармен кездесу ұйымдастырылып, аталған спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
2015 оқу жылынан бастап ата-аналардың ұйымдастыруымен "Аталар", "Әжелер" мектебі тұрақты жұмыс істеп келеді.

Категория: Біз туралы

 

Мектеп төлқұжаты

Автор: admin от 16-05-2017, 07:15, посмотрело: 1 971

45 Алматы облысы Райымбек ауданы А.Нүсіпбеков ауылы

" А.Нүсіпбеков атындағы орта мектем мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ.
Мектептің ғимараты 1974 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді

Мектептің ғимараты-640

Мектептің ауданы-3250

Мұғалімдер саны-47

Жоғары білімдісі-46

Арнаулы орта білімдісі-1

Аяқталмаға жоғары білімдісі -0

Жоғары санатты -4

Бірінші санатты-13

Екінші санатты-18

Санатсыз-12

Жалпы оқушылар саны-271

Сынып комплектісі-18

Категория: Біз туралы